Коронавирус: 225 науқастың жағдайы ауыр

Коронавирус: 225 науқастың жағдайы ауыр
Cурет: Ашық дереккөз

53 науқас ӨЖЖ аппаратында жатыр

Қазақстанда коронавирус инфекциясына шалдыққан 225 адамның жағдайы ауыр, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Денсаулық сақтау министрлігіне сілтеме жасап.

«Қазақстанда коронавирус инфекциясына шалдыққандар туралы 27 желтоқсандағы мәлімет бойынша, 17 619 адам коронавирус инфекциясынан (–15 533+ және 2 086 КВИ-) емделуде, олардың ішінде 2 813 пациент стационарда жатыр, 14 806 науқас амбулаторияда емделіп жүр», - делінген хабарламада.
КВИ+, КВИ- шалдыққандардың арасында 225 адамның жағдайы ауыр, 71 пациенттің жағдайы өте ауыр, 53 науқас ӨЖЖ аппаратында жатыр.