Қазақстан жарты жылда 5 млн астам вакцина өндірді

Қазақстан жарты жылда 5 млн астам вакцина өндірді
Сурет: Stimul.online

Жылдың соңына дейін тағы 2 млн доза препарат дайындау жоспарланған.

Қарағанды фармацевтикалық кешенінің (ҚФК) баспасөз қызметінің мәліметінше, қазіргі уақытта кәсіпорында екі компонентті ресейлік вакцинаның 5,1 млн-нан астам дозасы өндірілген, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz

Сондай-ақ, вакцина өндірісін жедел ретке келтірудің шұғыл қажеттілігіне байланысты өнімді беру және тіркеу бұрын-соңды болмаған қысқа мерзімде - екі айдан аз уақыт ішінде жүзеге асырылған.

«28 шілдеде біз Қазақстан Республикасының «СК-Фармация» бірыңғай дистрибьюторымен екі компонентті вакцинаның қосымша 2 млн дозасын жеткізу туралы келісім жасастық. Біз осындай маңызды және қажетті препаратты ел тұрғындарының қажеттіліктері үшін және келісімшарт аяқталғаннан кейін өндіруді жалғастыруға дайынбыз», - деп хабарлады ҚФК. 

2020 жылдың желтоқсан айында Қарағанды фармацевтикалық кешенінде «Спутник V» өндірісі іске қосылды.

Қазақстанда COVID-19-ға қарсы вакциналау 1 ақпанда басталды.

Бірінші кезеңде республика тұрғындары Ресейде өндірілген «Спутник V» препаратымен егілді, ал сол айдың соңына қарай ҚФК негізінде шығарылған ресейлік вакцинаны аймақтарға жөнелту басталды.