Қазақстанда нан мен сүт өндірісі азайған

Қазақстанда нан мен сүт өндірісі азайған
Сурет: Jambylinfo.kz

Бұл туралы Ұлттық статистика бюросы мәлімдеді.

Өткен жылы Қазақстанда ет өндірісі өсті, ал сүт пен нан өндірісі, керісінше, төмендеді, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.

Бұл туралы Ұлттық статистика бюросы мәлімдеді.

"2022 жылғы қаңтар-желтоқсанда Қазақстанда 350 мың тонна ет өндірілді, бұл 2021 жылмен салыстырғанда 3%-ға көп", – делінген хабарламада.

Сондай-ақ өткен жылдың қаңтар-желтоқсан айларында 573 мың тонна сүт (-6,8%), 3,3 млн тонна ұн (+10,2%), 519 мың тонна нан (-0,9%) өндірілген.