10 наурызға арналған ауа райы болжамы

10 наурызға арналған ауа райы болжамы
poembook.ru

«Қазгидромет» мамандары 10 наурыз, бейсенбі, күні ауа райы қандай болатынын айтты, деп хабарлайды almaty-akshamy.kz

Атмосфералық фронттардың әсерінен Қазақстанның солтүстігінде, шығысында, орталығында қар жауады, елдің батысында және оңтүстігінде қар мен жаңбыр қабат жауады.

Республика бойынша кей жерлерде тұман түсіп, жел күшейеді, батыста көктайғақ болады, оңтүстікте найзағай жарқылдайды.

Жамбыл облысының солтүстігінде, таулы аудандарында тұман түседі, облыстың оңтүстік-батысында, солтүстік-батысында желдің екпіні 15-23 м/с болады.

Түркістан облысының таулы аудандарында найзағай ойнайды, жел екпіні 17-22 м/с дейін күшейеді.

Алматы облысының шығысында желдің жылдамдығы 15-20, түнде 23 м/с дейін жетеді, түнде және таңертең облыстың оңтүстігінде, орталығында тұман болады.

Ақмола облысының оңтүстігінде, батысында тұман, күндіз облыстың оңтүстік-шығысында секундына 15-20 метр жылдамдықпен күшті жел соғады.

Батыс Қазақстан облысының солтүстігінде, оңтүстік-батысында тұман түсіп, көктайғақ болады. Күндіз желдің екпіні 15-20 м/с болады.

Атырау облысының солтүстігінде тұман түседі, көктайғақ болады. Облыстың шығысында жел жылдамдығы 15-20 м/с дейін жетеді.

Маңғыстау облысының оңтүстігінде, солтүстігінде желдің күші 15-20 м/с болады. Түнде және таңертең батыста тұман болады.

Күндіз Ақтөбе облысының оңтүстік-батысында, орталығында жел қарқыны 15-20 м/с дейін күшейеді.

Қостанай, Солтүстік Қазақстан облыстарының оңтүстігінде, Шығыс Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында тұман түседі.