Алматыда тұрғын үйлер арасында қарумен жүрген ер адам ұсталды

Алматыда тұрғын үйлер арасында қарумен жүрген ер адам ұсталды
сурет: Inform.kz

Сотқа дейінгі тергеу басталды 

Алматыда тұрғын үйдің ауласында қарумен жүрген адам ұсталды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz ҚазАқпарат-қа сілтеме жасап.  Бұл ақпаратты Алматы қалалық полиция департаменті бастығының орынбасары Рустам Абдрахманов растады.

«Полицияға сағат 22.00 шамасында 102 пультіне екі рет оқ атқан адам туралы хабарлама түсті. Алатау ауданының «Дарабоз» ықшам ауданындағы тұрғын үйлердің арасында қарумен жүрген адам ұсталды. Алдын ала мәлімет бойынша, ол отбасылық жанжалға байланысты мұндай қадамға барған. Аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды», - делінген полиция хабарламасында.