«Қансонар – 2022» сайысы өтті

«Қансонар – 2022» сайысы өтті
Сурет: Іnform.kz

«Қансонар – 2022»: Қарағанды облысында тазылар жарысы ұйымдастырылды

Қарағанды облысы, Ақтоғай ауданының Шашубай кентінде тазылар жарысы өтті, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz ҚазАқпарат сайтына сілтеме жасап

Жарысқа Қазақстанның барлық аймақтарынан 50-ден астам ит өсірушілер тазыларын алып келді. Олар төрт аяқты достарының қасиеттерін көрсетіп қана қоймай, арнайы ұйымдастырылған көрмеде тазы тұқымының барлық артықшылықтарын көпшілік назарына ұсынды.

«Қансонар-2022» ұйымдастырушысы – Ақтоғай ауданының тұрғыны Құрмаш Нұрпейісов. Ол - нағыз қазақи аңшы иттердің жанкүйері және тәжірибесі мол аңшы.