Қазақстанда мемқызметтердің барлық порталында ЭЦҚ орнына QR-код қолданылатын болады

Қазақстанда мемқызметтердің барлық порталында ЭЦҚ орнына QR-код қолданылатын болады
Сурет: Ашық дереккөзі

Министр қазіргі уақытта QR арқылы қол қою механизмі әзірленіп үлгергенін жеткізді

ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин 14 қазанда мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссияның кезекті отырысын өткізді, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.

Күн тәртібінде электронды-цифрлық қолтаңбадан бас тарту, халыққа қызмет көрсету орталықтарынан құжаттар алу, емханаға тіркелу және бизнеске арналған қызметтерді жетілдіру мәселелері қарастырылды.

Министр қазіргі уақытта QR арқылы қол қою механизмі әзірленіп үлгергенін жеткізді. Ол ыңғайлы және қауіпсіз.

«Оны барлық порталдарға енгізу ғана қалды. Бұл жұмысты жандандыру және NCALayer жүйесінен толық бас тарту бойынша тапсырма бердім»,-деді Бағдат Мусин.