Қазақстанда «Kutty Meken» мобильді қосымшасы іске қосылды

Қазақстанда «Kutty Meken» мобильді қосымшасы іске қосылды
Сурет: Almaty-akshamy.kz

«Kutty meken» – этникалық қазақтарға қандас мәртебесін беру бойынша мемлекеттік қызмет көрсетуге арналған мобильді қосымша.

ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі мен ҚР Туризм және спорт министрлігі этникалық қазақтардың «қандас» мәртебесін алуға өтініш беру процесін жеңілдету үшін «eQonaq» ақпараттық жүйесі негізінде құрылған «Kutty meken» бірлескен жобасын іске қосты, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.

Мобильді қосымшаның функционалы мемлекеттік қызмет көрсету процесін едәуір жеңілдетеді. Оның көмегімен шетелде жүрген этникалық қазақтар өздері тұрған елдің аумағынан шықпай-ақ «қандас» мәртебесін алуға өтініш бере алады.

«Kutty meken» жобасын іске асыру уақытты үнемдеуге және құжаттармен жұмыс істеу процесін жеңілдетуге мүмкіндік береді.

Аталған қосымшаны пайдалану үшін Android және IOS қолданушылары Play Market және App Store-дан жүктеп алуына болады.