Қазақстанда коронавирусқа қарсы вакцинаның екі бірдей компонентін алғандар саны 9 миллионға жуықтады

Қазақстанда коронавирусқа қарсы вакцинаның екі бірдей компонентін алғандар саны  9 миллионға жуықтады
Сурет: Cgon.rospotrebnadzor.ru

Коронавируспен күрес

2022 жылғы 21 ақпанда Қазақстанда коронавирус инфекциясына қарсы вакцинаның 1-ші компонентін 9 355 368 адам, 2-ші компонентін 8 941 123 адам салдырды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz ҚР Денсаулық сақтау министрлігіне сілтеме жасап. 

Жасөспірімдерді, жүкті әйелдерді және бала емізетін аналарды вакцинациялау бойынша ақпарат.

2022 жылғы 21 ақпандағы «Pfizer» вакцинасының

І компонентін алғандар:
 Жасөспірімдер – 666 558
 Жүкті әйелдер – 30 623,
 Бала емізетін әйелдер – 104 334.

ІІ компонентін алғандар:
 Жасөспірімдер – 454 837,
 Жүкті әйелдер – 21 707,
 Бала емізетін әйелдер – 70 069.