Қазақстанда коронавирус бойынша өлім-жітім азайды

Қазақстанда коронавирус бойынша өлім-жітім азайды
Сурет: Baigenews.kz

Дәрігерлер маусымнан бастап коронавирус бойынша өлім-жітім азайғанын айтты.

Денсаулық сақтау министрлігі жыл басынан бері Қазақстандағы коронавирусқа қатысты өлім-жітім статистикасын жариялады, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Egemen.kz сілтеме жасап. 

«Биыл 6 айда КВИ-дан 785 адам қайтыс болды. Өлім-жітім көбінесе қаңтар-ақпан айында болды. Атап айтқанда, қаңтарда коронавирус салдарынан 311 адам қайтыс болды, ақпанда - 411, наурызда - 54, сәуірде - 3, мамырда - 3, маусымда - 1 және шілде айында 3 пациент қайтыс болды», - деді Вячеслав Дудник Орталық коммуникациялар қызметі алаңында өткен баспасөз мәслихатында.

Сондай-ақ еліміздің бас мемлекеттік санитарлық дәрігері коронавирустан қайтыс болғандар туралы статистиканың күнделікті жарияланбауына қатысты түсінік берді.

«Маусымнан бастап коронавирус бойынша өлім-жітім азайды. Статистиканы күнделікті жариялаудың қажеті жоқ. Коронавирус жұқтырып, арты өлімге алып келген жағдайларға қатысты мәлімет бойынша министрлікке жүгінуге болады», - деді Айжан Есмағамбетова.