Маймыл шешегіне ПТР-тестілеуді кімдер тапсырады?

Маймыл шешегіне  ПТР-тестілеуді кімдер тапсырады?
Сурет: BAQ.KZ

Елімізге «Роспотребнадзордан» маймыл шешегін анықтауға арналған ПТР-тестілер әкелінген.

Бас мемлекеттік санитарлық дәрігер Айжан Есмағамбетова маймыл шешегіне қарсы ПТР-тестілеуді кімдер тапсыратынын айтты, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz

«ПТР-тестілеуді тек аурудың белгілері болған жағдайда ғана тапсыруға болады. Маймыл шешегінің клиникалық белгілеріне дене температурасының жоғарылауы, айрықша белгілердің пайда болуы жатады. Бұдан бөлек, соңғы 3 аптада маймыл шешегі тіркелген елде болған азаматтар ғана тест тапсыра алады. Қалған жағдайда ПТР-тестілеу жүргізілмейді», - деп түсіндірді Айжан Серікбайқызы. 

Осыдан бір ай бұрын елімізге «Роспотребнадзордан» маймыл шешегін анықтауға арналған ПТР-тестілер әкелінді.