Қазақстанда коммуналдық қызметтердің тарифі өседі

Қазақстанда коммуналдық қызметтердің тарифі  өседі
Сурет: Dauletten.kz

Бұл туралы Энергетика министрі айтты.

Алмасадам Сәтқалиев мәлім еткендей, жылу энергиясына ең төменгі тарифтер 25 пайызға артады. Ал алдағы 3-4 жыл ішінде электр энергиясының құны 15 пайызға дейін өседі, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Egemen.kz-ке сілтеме жасап. 

Министрдің айтуынша,  бүгінде ЖЭО-лардың жұмыс істеуге қауқары жетпейді. Тарифтің өсуі де осыған байланысты болып отыр.

Қазір еліміздегі 37 жылу энер­ге­тикалық орталығының 19-ы аса қиын жағдайда тұр. 19 станция жай-күйі тұрғысынан қызыл аймақта болса, 11-і сары, 7-еуі жасыл аймақта тұр.