Қазақстанда қанша көмір қоры бар?

Қазақстанда қанша көмір қоры бар?
Almaty-akshamy.kz

ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі Өнеркәсіп комитетінің төрағасы Азамат Панбаев Қазақстандағы болжамды көмір қоры 33,6 млрд тоннаны құрайтынынын мәлімдеді, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz

Азамат Панбаев "Казсодержание 2.0" халықаралық форумы аясындағы көмір өнеркәсібінің өзекті мәселелеріне арналған сессияда сөйлеген сөзінде аталған сала электр энергиясының 70%-ын, кокс өндіру қуатын және тұрмыстық сектор мен халықтың отынға қажеттілігін толық қанағаттандырып отырғанын жеткізді.

Оның айтуынша, 2023 жылдың қаңтар-қазан айларында 91,3 млн тоннаға жуық көмір өндірілген.

Панбаев жаңа жобаларды жүзеге асыруда көмірді пайдалану мүмкіндіктері кеңейіп келе жатқанын атап өтіп, жаңа зауыттарға салынған инвестицияның мысалдарын келтірді, мысалы, қуаттылығы жылына 400 мың тонна арнайы кокс шығаратын зауытты "Шұбаркөл Көмір" компаниясымен іске қосу және "Богатырь Көмір" ЖШС циклдік ағынды көмір тасымалдау технологиясын енгізу бойынша бірегей жоба барын айтты.