Қазақстанда қандай көлік түрлері жиі жалға беріледі

Қазақстанда қандай көлік түрлері жиі жалға беріледі
Сурет: ашық дереккөз
2023 жылдың 7 желтоқсанында Ұлттық статистика бюросы Қазақстанда қандай көліктер жиі жалға берілетінін айтты, деп хабарлайды аlmaty-akshamy.kz. 

Ұлттық статистика бюросының Telegram-каналында жарияланған ақпаратқа сәйкес, ағымдағы жылдың қаңтар-қыркүйек айларында көлікті жалға беру саласында көрсетілген қызметтердің көлемі өскенін көрсетті.

"Көлік түрлерінің ішінде жалға беру қызметінің ең үлкен көлемі жүк көліктеріне тиесілі. Үш тоқсанның қорытындысы бойынша жүк көліктерін жалға беру көлемі 73,9 млрд теңгені құрады, бұл өткен жылдың сәйкес кезеңінен 47,7%-ға артық", - делінген хабарламада.

Жүк көлігінен кейін жеңіл көліктер, құрылыс және ауыл шаруашылығы көліктері болды:

  • жеңіл автокөліктерді жалға беру көлемі 69,8 млрд теңгеге жетті (+11,2%);
  • құрылыс машиналары мен жабдықтарын жалға беру көлемі 42,7 млрд теңгені (+22%) құрады;
  • ауыл шаруашылығы машиналары мен жабдықтарын жалға алу көлемі – 2 млрд теңге (+69,5%).

2023 жылдың 10 қарашасында Мемлекеттік кірістер комитеті Қазақстанға қанша электромобиль баж салығы мен салық төлемей әкелінгенін айтты.