Жаңа жылда декларациялаудың үшінші кезеңі басталады

Жаңа жылда декларациялаудың үшінші кезеңі басталады
Сурет: интернеттен

Бұл міндетті.

Елімізде 1 қаңтарда декларациялаудың үшінші кезеңі басталады, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz

Яғни, келер жылы кез келген мекеме басшылары, құрылтайшылар мен жеке кәсіпкерлер Қазақстанда ғана емес, шетелде де тіркелген мүлігін декларациялауы керек.

Алдымен 250-ші "Кіріс декларациясы" тапсырылады – бұл "Активтер мен міндеттемелер туралы декларация".

Кейінгі жылдары 270-ші "Кірістер мен мүлік туралы декларацияны" тапсыру керек.

Кіріс декларациясында құны 1000 айлық есептік көрсеткіштен асатын барлық мүлікті көрсету қажет, деп жазады qazaqstan.tv.

Биыл бұл 3 450 000 теңге болса, 2024 жылы 3 692 000 теңге болады.

Айта кететін жәйт, мемлекет базасында, Қазақстанда тіркелген жылжымайтын мүлік пен автокөлікті – декларацияға енгізудің қажеті жоқ.