Қазақстанда фастфуд қымбаттады

Қазақстанда фастфуд қымбаттады
Сурет: Ашық дереккөз

Cәуірде фастфуд қызметтерінің құны бір айда 0,4%-ға қымбаттаған

Ұлттық статистика бюросы Қазақстанның қай өңірінде фастфуд бағасы көбірек өскенін айтты, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.

Бір айда фастфуд бағасы үш облыста айтарлықтай өскен:

Солтүстік Қазақстан облысында – 5,7%;
Жамбыл облысында – 4%;
Жетісу облысында – 2,2%.

Ұлттық статистика бюросының мәліметінше, сәуірде фастфуд қызметтерінің құны бір айда 0,4%-ға, ал жылдық мәнде 15,9%-ға қымбаттады.

Бір жылдық мәнде өңірлер арасында баға:

Батыс Қазақстан – 47,2%;
Солтүстік Қазақстан – 44,4%;
Шымкент қаласында – 37,9%;
Атырау облысында – 33,8%;
Жамбыл облысында 33,7% өсті.

Ең төменгі жылдық баға өсімі Түркістан (6,4%) және Қызылорда (6,3%) облыстарында тіркелді.