Қазақстанда бір Путин, бір Трамп және сегіз Байден тұрады

Қазақстанда бір Путин, бір Трамп және сегіз Байден тұрады
almaty-akshamy.kz

Биыл жыл басында ҚР-дағы халық саны 20 млн адамды құрады, бұл бір жыл бұрынғыдан 1,3% артық. Халық саны бірте-бірте өсуде, жыл сайын шамамен 1,3%–1,5%. Тек 2022 жылы карантиннен кейінгі беби-бумда 3,3% көбейген, деп хабарлайды almaty-akshamy.kz ranking.kz сілтеме жасап.

Қазақстандықтардың көпшілігі дәстүрлі түрде еліміздің оңтүстік өңірлерінде — Алматы қаласы (2,2 млн адам, бір жылда 3,1% көбейген), Түркістан (2,1 млн адам, 1,1% көбейген) және Алматы (1,5 млн адам, 1,7% көбейген) облыстарында тұрады. Елордада 1,4 млн адам тұрады, жылдық өсім 5,6%.

Ең аз халық Ұлытау өңірінде: 221,6 мың адам — бір жыл бұрынғыдан 0,1% артық. Одан кейін Солтүстік Қазақстан (530,1 мың адам) және Абай (607,6 мың адам) облыстары.

Елді мекен бойынша 12,5 млн адам қалаларда (бір жылда 2% көбейген), 7,6 млн адам ауылдарда (0,3% көбейген).Биыл 29 ақпандағы мәлімет бойынша, елімізде Қазақстан есімді 24 адам тіркелген.

Қазақстан атты азаматтар ең көп Ақмола облысында тұрады: 7 адам. Астанада мұндай есімді тағы 5 адам, Қарағанды ​​облысында 4 адам бар. Сонымен қатар, Қазақстан есімді 3 адам Қостанай облысында, 2 адам Маңғыстау облысында, 2 адам Шымкент қаласында, 1 адам Батыс Қазақстан облысында тұрады.Халық арасында Қазақстандағы қалалардың аттастары да бар. Мәселен, қазақстандықтардың ішінде 24 Астана, 20 Алматы және 3 Шымкент бар.

Сонымен қатар, Қазақстанда Семей есімді 27 адам, Атырау есімді 15 адам, Түркістан есімді 15 адам , Тараз есімді 14 адам, Ақтау есімді 10 адам, Ақтөбе есімді 1 адам, Талдықорған есімді 1 адам бар.

Саяси қайраткерлердің де аттары кездеседі. Атап айтқанда, ҚР-да 12 Қасым-Жомарт, 1 Путин, 1 Трамп және 8 Байден тұрады.Биыл қаңтарда Қазақстанда ең танымал есімдер Медина мен Алихан болды. Елімізде 517 Медина мен 313 Алихан болды.

Қыздардың есімдері бойынша үздік бестікке Асылым (468 адам), Айша (436 адам), Айлин (387 адам) және Томирис (318 адам) кірді. Ұл балалар есімдерінің ішінде ең танымал бестікке Мұхаммед (305 адам), Айсұлтан (238 адам), Мухаммад (231 адам) және Алдияр (219 адам) кірді.