Қазақстанда білім беру ақысы қымбаттады

Қазақстанда білім беру ақысы қымбаттады
Сурет: Kazbilim.kz

Қазақстанда білім беру ақысы 13,8 пайызға қымбаттады.

Жоғары оқу орындарында 16,3%-ға өсті, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.

«Қыркүйек айында білім беру қызметтерінің бағасы 2021 жылғы тиісті аймен салыстырғанда 13,8% көтерілді. Бұл - соңғы 5 жылдағы ең жоғары өсім. Мектеп пәндері бойынша білім беру орталықтары қызметінің ақысы бір жылда 10,2% артты», - деп жазылған ҚР Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросы мәліметінде.

Сондай-ақ колледжде білім беру төлемі 19,5%-ға, жоғары оқу орындарында 16,3%-ға қымбаттады. Ал түрлі кәсіптік оқыту курстарының бағасы 15,6 пайызға  өскен.