Алматыда мемлекеттік туды көтеру рәсімі өтті

Алматыда мемлекеттік туды көтеру рәсімі өтті

«Медеу» биік таулы кешенінің алаңында Республика күніне орайластырылған «Патриотизм дауысы» акциясы аясында мемлекеттік туды көтеру және Әнұранды орындаудың салтанатты рәсімі өтті.
Іс-шараға Алматы әкімі Ерболат Досаев, қоғам қайраткерлері, мәслихат депутаттары, студенттер мен әскери қызметшілер қатысты.



Қала тұрғындары мемлекеттік әнұранды қаланың барлық сегіз ауданында орындады. Мерекелік іс-шаралар жоғары оқу орындары, колледждер мен әскери оқу орындары студенттерінің қатысуымен «Қыран елім - Қазақстан» флешбомына жалғасты.





Сағат 17:00-де «Астана» алаңында қазақстандық эстрада жұлдыздарының қатысуымен концерт өтеді. Концерттен кейін кешкі сағат 21:30-де мерекелік салют болады.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды
0
Ұнамайды
0
Күлкілі
0
Шектен шыққан
0
Соңғы жаңалықтар

20:45

20:38

20:24

19:58

19:38

18:50

18:41

18:25

18:07

17:53

17:41

17:28

17:10

17:09

16:34

16:25

16:18

16:09

16:07

15:22

14:48

14:38

14:28

14:01

13:17