Қазақстанда ауқымды сейсмикалық жаттығулар өтеді

Қазақстанда ауқымды сейсмикалық жаттығулар өтеді
Сурет: almaty-akshamy.kz

23 ақпан, жұма күні еліміздің барлық өңірінде жоспарлы сейсмикалық жаттығулар өтеді, деп хабарлайды аlmaty-akshamy.kz  төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Баспасөз қызметінің мәліметінше, сейсмикалық жаттығулар өтетін күні халықты хабардар ету жүйесі іске қосылады.

Сейсмикалық жаттығулардың негізгі мақсаты жер сілкінісі қаупі мен зілзала кезіндегі іс-әрекетке халықтың дайындық деңгейін арттыру. ТЖМ халыққа ескертуге құлақ асып, сейсмикалық жаттығуларға белсенді қатысуға кеңес береді, — делінген хабарламада.