Қор нарығында доллар бес теңгеге қымбаттады

Қор нарығында доллар бес теңгеге қымбаттады
Сурет: Kapital.kz

Бір доллар  469,26 теңгеге бағаланды.

Қазақстан қор биржасында (KASE) теңгенің АҚШ долларына шаққандағы орташа сараланған бағамы тағы әлсіреді, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.

Ұлттық валютамыз 4 шілдемен салыстырғанда 1,1%-ға немесе 5,1 теңгеге құлдырап, 1 доллар үшін 469,26 теңгені құрады.

4 шілде орташа сараланған бағам 1 долларға 464,14 теңге болған. 

5 шілдедегі ресми бағам – 1 долларға 464,16 теңге.

6-7 шілдеде ресми бағамды анықтаудың қолданыстағы тәртібіне сүйене отырып, ол 469,26/$1 болады.