Қазақстанда 33 градусқа дейін аяз болады

Қазақстанда 33 градусқа дейін аяз болады
Сурет: Astanatv.kz

Апта басында республиканың батыс және солтүстік бөлігі циклон мен соған байланысты атмосфералық шептердің ықпалында болады, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.

Олар ел аумағына қар мен жаңбыр алып келеді.

«6 желтоқсанда елдің солтүстігінде қалың қар жауып, көктайғақ, боран болуы мүмкін. Қазақстанның оңтүстігі мен оңтүстік-шығысында ғана күн ашық болады. 7 желтоқсанда солтүстік-батыс салқын антициклоны кіріп келеді де, республиканың барлық бөлігінде жауын-шашын тоқтап, ауа температурасы күрт төмендеп кетеді: елдің батысы, орталығы мен шығысында 10-18 С аязға дейін, солтүстік-батысы мен солтүстігінде 25-33 С аяз, оңтүстігінде 5-13 С аяз болуы ықтимал», - делінген мәлімдемеде.