Қазақстанда 11 миллионға жуық адам коронавирусқа қарсы екпе алған

Қазақстанда 11 миллионға жуық адам коронавирусқа қарсы екпе алған
Сурет: Ашық дереккөзі

17 қазандағы мәлімет бойынша елімізде коронавирусқа қарсы екпенің I компонентін 10 840 056 адам салдырған, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.

Денсаулық сақтау министрлігінің ақпаратына қарағанда вакцинаның II компонентін 10 600 203 адам алған.

Ревакцинацияланғандар саны – 5 581 035.