Қазақстан жұмыртқа импортына шектеу қояды

Қазақстан жұмыртқа импортына шектеу қояды
Сурет: Almaty-akshamy.kz

Елімізге тауық жұмыртқасын көлікпен тасымалдауға жарты жылға тыйым салынбақ.

Ауыл шаруашылығы министрлігі осындай бұйрық жобасын әзірледі, деп хабарлайды аlmaty-akshamy.kz

Құжат қазір ашық талқылауға шағырылған. Оған сай елімізде жұмыртқа импортын шектеу көзделген. Министрліктің хабарлауынша, бұл отандық шаруаларды қолдау үшін жасалып отыр. Оның үстіне қазір бізде 56 миллионнан астам құс бар. Алдыңғы жылдармен салыстырғанда 15 пайыздай көбейген. Ал былтыр өндірілген жұмыртқа саны 5 миллиардқа таяу. Бұл ішкі нарықты қамтуға жеткілікті дейді мамандар. Тыйым бірінші мамырдан бастап әрекет етпек.