Қазақстандық теннисші қыздар тарихта тұңғыш рет әлемдік рейтингте 7-орынға көтерілді

Қазақстандық теннисші қыздар тарихта тұңғыш рет әлемдік рейтингте 7-орынға көтерілді
Сурет: Ашық дереккөз

Әлем рейтингінде Швейцария құрамасы көш бастап тұр

Қазақстанның ұлттық әйелдер теннис командасы Billie Jean King Cup жаңартылған рейтингінде 10-шы орыннан жетінші орынға көтерілді. Бұл - ұлттық әйелдер командасы тарихындағы ең жоғары позиция, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Қазақстан теннис федерациясына сілтеме жасап.

Қазақстан құрамасы Италия, АҚШ, Германия, Румыния, Бельгия, Ұлыбритания сияқты командаларды басып озды.

Қазақстандықтар командалық әлем чемпионаты іріктеуінде Польшаны 3:1 есебімен жеңіп, биыл қарашада өтетін турнирдің ақтық раундына шықты.

Әлем рейтингінде Швейцария құрамасы көш бастап тұр.

Billie Jean King Cup топ-10 рейтингі мынадай: