Қазақстан – Солтүстік Ирландия матчын қайдан көруге болады

Қазақстан – Солтүстік Ирландия матчын қайдан көруге болады
Сурет: ашық дереккөз

Ертең, 10 қыркүйекте Астанада футболдан Еуро-2024 чемпионатының іріктеу турнирінің матчы өтеді. Қазақстан құрамасы өз алаңында Солтүстік Ирландияны қабылдайды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Sports.kz порталына сілтеме жасап.

Қазақстан-Солтүстік Ирландия матчының тікелей көрсетілімі Астана уақытымен 19.00-де басталады. Ойынды тікелей эфирде «Qazsport» телеарнасынан көруге болады. Қазақстан құрамасында бес ойыннан кейін тоғыз ұпай бар, ал Солтүстік Ирландия бес ойыннан соң үш ұпай жинаған.

Магомед Адиев шәкірттері кейінгі матчында Финляндия құрамасынан 0:1 есебімен жеңілсе, солтүстікирландиялық футболшылар сырт алаңда Словения командасына есе жіберді – 2:4.