Қазақстан-Сингапур тікелей авиамаршрутын ашу мәселелері талқылануда

Қазақстан-Сингапур тікелей авиамаршрутын ашу мәселелері талқылануда
Сурет: Ашық дереккөз

Азия көлемінде екінші әуежай

Қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев Сингапурға сапары аясында "Changi Airport Group" компаниясының бас директоры Ли Сеу Хианмен кездесті, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz nbusiness.kz-ке сілтеме жасап.  

Жүздесу барысында Сингапур-Қазақстан тікелей әуе рейсін ашу мүмкіндіктері талқыланды.

Changi әуежайы Сингапурдың негізгі әуе қақпасы саналады. Ол - жолаушыларға қызмет көрсету жүктемесі бойынша әлемдегі алтыншы, ал Азия көлемінде - екінші әуежай.

Сингапурлық тарап Қазақстанда жүргізіліп жатқан реформалардың арқасында қолайлы инвестициялық ахуал жасауда айтарлықтай прогреске қол жеткізілгенін атап өтті.