Қазақстан Президенті мемлекеттік қызметшілерді бүгінгі мерекемен құттықтады

Қазақстан Президенті мемлекеттік қызметшілерді бүгінгі мерекемен құттықтады
Сурет: Inform.kz

Бүгін – Мемлекеттік қызметшілер күні. 

ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекеттік қызметшілерді бүгінгі мерекемен құттықтады, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz. 

«Мемлекеттік қызметшілерді кәсіби мерекесімен құттықтаймын! 2003 жылы БҰҰ Бас Ассамблеясы мемлекеттік қызметші күнін белгілеу туралы шешім қабылдады. Сіздерге Жаңа Қазақстан құру ісінде ерекше міндет жүктеледі. Қызметтегі негізгі қағидаттарыңыз – адалдық, кәсібилік, құзыреттілік, ашықтық болуға тиіс. Мемлекеттік қызметшінің басты мақсаты – азаматтардың әл-ауқатын арттыру. Ел үмітін толық ақтайсыздар деп сенемін», - деп жазды Мемлекет басшысы Twitter-де.