Қазақстан мен Корея инвестициялық ынтымақтастығы талқыланды

Қазақстан мен Корея инвестициялық ынтымақтастығы талқыланды
almaty-akshamy.kz

Премьер-Министрдің бірінші орынбасары Роман Скляр Doosan Enerbility компаниясының маркетинг жөніндегі вице-президенті Юнхо Янгпен кездесті.

Кездесу барысында Янг мырза Doosan Enerbility компаниясының энергетика саласындағы ынтымақтастықты одан әрі дамыту бойынша ұсыныстарымен таныстырды. Атап айтқанда, Қазақстанда генераторларды, кәдеге жарату қазандықтарын, жел турбиналарын құрастыру бойынша өндірістер, сондай-ақ технологиялар трансферті бойынша құзырет орталығын құру туралы сөз болып отыр.

Өз кезегінде Роман Скляр Қазақстан мен Корея Республикасы стратегиялық әріптестер болып табылатынын және Doosan Enterbility инвестициялық ұсыныстары халықаралық ынтымақтастық пен елдеріміз арасындағы өзара тиімді әріптестікті нығайтуға бұдан да үлкен ынталандыру беретінін атап өтті.

Жиын қорытындысы бойынша мемлекеттік органдарға тиісті тапсырмалар берілді.