Қазақстан құрамасының қорғаушысы «Манчестер Юнайтед» назарына ілінді

Қазақстан құрамасының қорғаушысы  «Манчестер Юнайтед» назарына ілінді
Сурет: Prosports.kz

 Нұралы Әліп ағылшын клубының назарына іліккен.

Тіпті Словенияда өткен соңғы матчқа арнайы скауттарын жіберген.  «Манчестер Юнайтед» қорғанысқа лайықты адам таппай, қатты қиналып жатқан көрінеді, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.

Өйткені Рафаэль Варан жарақат алды. Ал Харри Магуайр мен Джонни Эванс сенімсіз. Оның үстіне Нұралы сол аяқпен өте сауатты өнер көрсетеді делінген. «Трансфермакет» порталы қазақстандық футболшыны 2 миллион евроға бағалап отыр.

Айта кетейік, 23 жастағы Нұралы былтыр ақпан айынан бері ресейлік «Зенит» сапында ойнайды. Санкт-Петерборлық клуб оны алматылық «Қайраттан» 2 миллион еуроға сатып алған еді.