Бостандық ауданында екі емхана салынады

Бостандық ауданында екі емхана салынады
Сурет: Vecher.kz

Халыққа сапалы медициналық қызмет көрсету қолға алынды. 

Ол үшін 500 келушіге есептелген 2 емхана салу жоспарлануда, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.

Бұл туралы Алматы әкімі Ерболат Досаевтың Бостандық ауданының тұрғындарымен өткен кездесуде белгілі болды. 

«Бірінші емхана әл-Фараби даңғылы мен Сырғабеков көшесінің қиылысында орналасады. Мемлекеттік қордан ауданы 1,3 гектар жер бөлінді. Жобалау-сметалық құжаттамасын 2022 ж. желтоқсан айында, құрылыс-монтаждау жұмыстарын келесі жылдың 4 тоқсанында бастауды жоспарлап отырмыз»,- деді қала әкімі Ерболат Досаев. 

Екіншісі, Мега центр ауданында Гагарин даңғылы мен Левитан көшесінің қиылысында салынатын болады. Қала басшысының айтуынша, 2 емхана пайдалануға берілсе, 30 мың адам баратын 3 емхананың жүктемесі жеңілдейді.