Қазақстан құрамасы Универсиадада Словакияны жеңді

Қазақстан құрамасы  Универсиадада Словакияны жеңді

Хоккейден Қазақстанның студенттік құрамасы Лейк-Плэсидте (АҚШ) өтіп жатқан Универсиадада Словакия құрамасын жеңді.

Қазақстан Словакияны 4:0 есебімен ұтты. Шайбаларды Максим Мұхаметов (8-минутта), Станислав Александров (10-минутта), Батырлан Мұратов (20-минутта) және Олег Бойко (29-минутта) соқты, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.

Осылайша, Қазақстан құрамасы Лейк-Плэсидтегі Универсиадада қатарынан төртінші ірі жеңіске жетті. Бұған дейін Оңтүстік Кореяны (5:1), Венгрияны (9:1) және Ұлыбританияны (15:1) жеңген болатын. Сондай-ақ Қазақстан 2019 жылы Красноярск қаласында (Ресей) өткен Универсиадада жеңілгені үшін Словакиядан есесін қайтара алды.