Қазақстан құрамасы көкпардан жеңіске жетті

Қазақстан құрамасы көкпардан жеңіске жетті
Сурет: Uza.uz

Жеңімпаз командаға 100 млн сум сыйақы берілді.

Қазақстан көкпардан халықаралық ойында жеңіске жетті, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Uza.uz агенттігіне сілтеме жасап.

Өзбекстанның Сұрхандария облысының Термез ауданында көкпардан өткен халықаралық ойында Қазақстан құрамасы жеңіске жетті.

Өзбекстан Республикасы президентінің 2021 жылғы 5 тамыздағы «Сұрхандария облысында қарабайыр тұқымды жылқыларды өсіру және насихаттау сонымен қатар, ат спортын одан әрі дамыту шаралары туралы» шешімін іске асыру аясында көкпардан өткен халықаралық ойында Қазақстан құрамасы бірінші орынды жеңіп алды.

Екінші орынды Қырғызстан командасы иеленсе (75 млн сум), Өзбекстанның Қарабайыр жылқы өнері мектебінің командасына үшінші орынды (50 млн сум) қанағат тұтты.