Қазақстан құрамасы ФИФА рейтингінде жоғарылады

Қазақстан құрамасы ФИФА рейтингінде жоғарылады
Сурет: Inform.kz

Қазақстан ұлттық құрамасы Халықаралық футбол қауымдастықтарының федерациясы (ФИФА) жариялаған рейтингіде бір сатыға жоғарылады. Бұл туралы Almaty-akshamy.kz Inform.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.

Жаңа рейтинг бүгін жарияланды. Қазақстан құрамасы жаңартылған рейтингіде 113-орынға орналасқан.

Айта кетейік, рейтингінің көш басында 1 841 ұпаймен Бразилия тұр. Екінші орында Бельгия – 1 816, ал үштікті Аргентина түйіндеген – 1 773.

Сондай-ақ, алғашқы ондықта Франция (1 759), Англия (1 728), Италия (1 726), Испания (1 715), Нидерланд (1 694), Португалия (1 676) және Дания (1 666) бар.