Сот отырысында Елжан Біртанов жеке және қызметтік жазбаларды оқыды

Сот отырысында Елжан Біртанов  жеке және қызметтік жазбаларды оқыды Сурет: Semeynews.kz

Біртанов оған тағылған айыпты растайтын фактілердің жоқтығын айтуда


Астанада Қазақстанның бұрынғы денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов және оның бұрынғы орынбасары Олжас Әбішевке қатысты сот процесі жалғасып жатыр, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Inform.kz-ке сілтеме жасап.






Экс-министр мен оның бұрынғы орынбасарына қатысты қылмыстық іс Астана қаласы Сарыарқа аудандық №2 сотында қаралып жатыр.


Сот отырысы барысында Елжан Біртанов кезінде орынбасары болған Олжас Әбішевпен арадағы бірқатар жеке және қызметтік жазбаны оқып берді.


Оның айтуынша, аталған жазбалар ақпараттандыру платформасын енгізуге қатысты объективті проблемаларға қарамастан, жұмыстың тыңғылықты жүргенін дәлелдейді.



«Ешқандай жұмыс жүрмесе, біз бекерге пиар жасамас едік. Барлық хабарлама мен докладтарда платформаны енгізу жұмысының аяқталуға жақын екендігі және оның 2018 жылдың 7 желтоқсанында қабылданатыны туралы айтылады», - деді Елжан Біртанов сот алдында.



Сондай-ақ денсаулық сақтау министрлігінің бұрынғы басшысы оған тағылған айыптауларды растайтын фактілердің жоқтығын айтты.







Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды
0
Ұнамайды
0
Күлкілі
0
Шектен шыққан
0
Соңғы жаңалықтар

20:37

20:24

20:06

19:32

18:41

18:15

17:40

17:20

17:12

16:53

16:36

16:17

16:08

16:00

15:49

15:35

15:32

15:13

15:03

13:04

12:53

12:42

12:24

12:22

12:09