Қазақстан кубогында «Қайрат» «Ақжайықты» жеңіп кетті

Қазақстан кубогында «Қайрат» «Ақжайықты» жеңіп кетті
Сурет: Ашық дереккөз

Биыл оралдық клуб бірінші лигада доп тебеді

Бүгін футболдан Қазақстан кубогы 1/8 финалында алматылық «Қайрат» Оралдың «Ақжайығынан» басым түсті, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

Алматылық «Қайрат» өз алаңында Оралдың «Ақжайығымен» кездесті.

Биыл оралдық клуб бірінші лигада доп тебеді. Ал «Қайрат» негізінен өз академиясында тәрбиеленіп шыққан түлектерге сенім артып жүргені белгілі.

Ойын барысында командалар шабуылға көшті. Дегенмен бірінші кезеңде таблодағы есепке өзгеріс енген жоқ.

Екінші кезеңде оралдық клубтан Евгений Кобзарь 56-шы минутта «Қайраттың» қақпашысын қапы қалдырып кетті. Ал «Қайрат» сапынан Дмитрий Сергеев 66-шы, Артур Шушеначев 68-ші минутта екі гол соғып кетті.

Осылайша «Қайрат» қарсыласынан 2:1 есебімен басым түсті.

Тағы бір кездесуде Қостанайдың «Тобылы» өз алаңында Павлодар облысының «Ақсуымен» шеберлік байқасуда. Бірінші кезеңнен кейін қостанайлық клубтан 1:0 есебімен басым түсуде. Олардың қатарынан Иван Рогач 22-минутта мергендік танытты.