Қазақстан Қорғаныс министрі Нью-Делиге барды

Қазақстан Қорғаныс министрі Нью-Делиге барды
Сурет: Министрлік

Қорғаныс министрі Раджпат Сингхпен кездесті

Қорғаныс ведомствосының басшысы, генерал-полковник Руслан Жақсылықов Шанхай Ынтымақтастық Ұйымына мүше мемлекеттер қорғаныс министрлерінің кезекті кеңесіне қатысады, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.

Үндістан астанасында генерал-полковник Руслан Жақсылықов сол елдің Қорғаныс министрі Раджпат Сингхпен кездесті.

Тараптар екіжақты әскери ынтымақтастықтың қазіргі жағдайы мен перспективаларын талқылады.