Қазақстан-Қытай шекарасы 21-23 қаңтар аралығында жабық болады

Қазақстан-Қытай шекарасы 21-23 қаңтар аралығында жабық болады
Сурет: Ашық дереккөз

Теміржол өткізу пункттері штаттық режимде жұмысын жалғастырады

ҚХР-да Көктем мерекесін атап өтуге байланысты 2023 жылдың 21-23 қаңтарында Қазақстан-Қытай шекарасындағы автомобиль өткізу пункттері жұмыс істемейді, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Мемлекеттік кірістер комитетіне сілтеме жасап.

"Қазақстан-Қытай шекарасындағы автомобиль өткізу пункттерінде тұлғаларды, көлік құралдары мен жүктерді өткіу жүзеге асырылмайды. Қазақстан-Қытай шекарасындағы теміржол өткізу пункттері штаттық режимде жұмысын жалғастырады", - делінген хабарламада.

Осыған байланысты аталған комитет тасымалдаушылардан және барлық шекараны кесіп өтуге ниет білдірушілерді енгізілген шектеулерді ескере отырып, өз бағыттарын алдын ала жоспарлап алуды сұрайды.