Үш террорлық актіге дайындық кезеңінде тосқауыл қойылды - ҚР ҰҚК төрағасы

Үш террорлық актіге дайындық кезеңінде тосқауыл қойылды - ҚР ҰҚК төрағасы
Сурет: Ашық дереккөз

Лаңкестік және экстремистік қылмыстар жасағаны үшін 56 адам сотталды

ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитетінің төрағасы Ермек Сағымбаев Мемлекет басшысымен кездесуі барысында елімізде үш террорлық актіге дайындық кезеңінде тосқауыл қойылғанын мәлім етті, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.

Мемлекет басшысына комитеттің 2022 жылы атқарған жұмыстары туралы есеп берген Ермек Сағымбаевтың сөзінше, былтыр арнаулы қызметті реформалау және оның жұмысын жандандыру жөніндегі Президент тапсырмасы орындалды.

Атап айтқанда, террористік қатерлерді азайту үшін алдын алу жұмыстары жүргізілді. Үш террорлық актіге дайындық кезеңінде тосқауыл қойылды. Кезектен тыс президенттік сайлау кезінде жаппай тәртіпсіздікті жоспарлаған радикалды топ жойылды.

«Лаңкестік және экстремистік қылмыстар жасағаны үшін 56 адам сотталды. Терроризм мен діни экстремизмге қатысы бар 134 шетел азаматының елге кіру әрекетінің жолы кесілді»,-деді Ермек Сағымбаев.

Осыған дейін Мемлекет басшысының Ұттық қауіпсіздік комитетінің төрағасы Ермек Сағымбаевты қабылдағанын жаздық.