Қазақстан халқының саны 20 миллионға жуықтады

Қазақстан халқының саны 20 миллионға жуықтады
Сурет: Ашық дереккөз

Халық саны 261 845 адамға өскен

2023 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша, еліміздегі халық саны 19 765 004 мың адамды құрады деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.

Ұлттық статистика бюросының мәліметінше, оның ішінде қалалықтар – 12 208,2 мың, ауылдықтар – 7 556,7 мың адам.

«Табиғи өсім есебінен халық саны 268 791 адамға өскен, көші-қон сальдосы теріс – -6 946. 2022 жыл басымен салыстырғанда, халық саны 261 845 адамға өскен», – делінген хабарламада.