Қазақстан халқына Өзбекстан президенті көңіл айтты

Қазақстан халқына Өзбекстан президенті көңіл айтты
Сурет: Akorda.kz

Әңгімеге Өзбекстан тарапы бастамашы болған.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Өзбекстан президенті Шавкат Мирзиёевпен телефон арқылы сөйлесті, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Ақордаға сілтеме жасап.

Әңгімеге Өзбекстан тарапы бастамашы болған.

"Өзбекстан президенті Абай облысындағы өрт салдарынан адамдардың қаза табуына байланысты мемлекет басшысына және Қазақстан халқына көңіл айтты. Шавкат Мирзиёев қаза тапқан азаматтардың отбасының қайғысына ортақ екенін жеткізді", - делінген хабарламада.

Әңгімелесу барысында тараптар екі ел арасындағы стратегиялық серіктестік пен ынтымақтастықты одан әрі нығайтуға ниетті екенін тағы да растады және әлемдегі қазіргі жағдай туралы пікір алмасты.