Қазақстан қазан айында мұнай өндірісін азайтады

Қазақстан қазан айында мұнай өндірісін азайтады
Сурет: Egemen.kz

Келісім бойынша міндеттемелер

ОПЕК+ елдері қазан айында мұнай өндірісін азайтады. Мұндай шешім бүгін бейнеконференция форматында өткен ОПЕК+ келісіміне қатысушы елдердің министрлік отырысында қабылданды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.
Отырысқа Қазақстан атынан Энергетика вице-министрі Әсет Мағауов қатысты.
Онлайн-кездесуде тамыз айында елдердің келісім бойынша міндеттемелерін орындауы талқыланды.
Мәлім етілгендей, қазан айында мұнай өндірісін тамыз айындағы көрсеткішке қайтару шешімі қабылданды.

«Отырыс қорытындысы бойынша тәулігіне 0,1 млн баррельге ұлғайту тек қыркүйек айы үшін ғана болғанын ескере отырып, қазан айындағы өндіру деңгейін тамыз айындағы деңгейде қалдыру туралы шешім қабылданды. Қазақстанның қазан айындағы міндеттемелері тәулігіне 1,706 млн баррельді құрайды», - делінген ҚР Энергетика министрлігі баспасөз қызметінің мәліметінде.