Қазақстан экономикасы 3,4 пайызға өсті

Қазақстан экономикасы 3,4 пайызға өсті
Сурет: 24.kz

Еліміз бір қалыпты дамып келеді.

Экономика 3,4 пайызға, ал нақты сектор 4,1 пайызға өсті. Бұл туралы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Үкіметтің кеңейтілген отырысында айтты, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Еgemen.kz сілтеме жасап. 

«Күрделі геосаяси сын-қатерге қарамастан, еліміз бір қалыпты дамып келеді. Мұны жартыжылдық нәтижеден көріп отырмыз. Экономика 3,4 пайызға, ал нақты сектор 4,1 пайызға өсті. Әсіресе, өңдеу өнеркәсібі саласында айтарлықтай ілгерілеу бар. Дегенмен, инфляция да бір орында тұрған жоқ. Қазір бұл көрсеткіш 14,5 пайызға жетіп, 2015 жылғы деңгейден асып түсті», - деді Президент.