Қазақстан арқылы Өзбекстанға газ тасымалдау артады

Қазақстан арқылы Өзбекстанға газ тасымалдау артады
Сурет: Ktgo.kz

Ресей газын Қазақстан аумағы арқылы Өзбекстанға жеткізу көлемі 2026 жылдан бастап 4 есеге жуық артады.

Яғни, көгілдір отын тасымалы қазір жылына 3 млрд текше метр болса, енді 11 млрд текше метрге жетеді деген жоспар бар, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.

«Газпром» хабарлауынша, тасымал құны былтыр бір текше метріне 160 долларды құраған. Бұл Түркия мен Қытайға жеткізу құнымен салыстырғанда әлдеқайда төмен. Ресейдің «Газпром» компаниясы 2023 жылы Өзбекстанмен 2 жылға келісімшарт жасасқан. Келісім бойынша тәулігіне 9 млн текше метр газ жеткізу жоспары бар. Айта кетейік, өзбек елі Қазақстан аумағы арқылы Ресей газын импорттауды былтыр қазан айында бастады. Желтоқсанда энергетикалық тапшылық туындаған соң, Ташкент газ тасымалы көлемін екі есеге арттырды