Қазақстан 9,1 млн тонна астық пен ұн экспорттады

Қазақстан 9,1 млн тонна астық пен ұн экспорттады
Сурет: ElDala.kz.

Бұл жалпы экспорттың 52%-ға жуығын құрайды. 

Қазақстан 9,1 млн тонна астық пен ұн экспорттады, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Inbusiness.kz сілтеме жасап. 

Бұл өткен маркетингтік жыл (2021 жылғы шілде – 2022 жылғы маусым) бойынша дерек екендігін атап өту керек.

«2021-2022 жылы Қазақстан Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің деректері бойынша, «Қазақстан темір жолы» ҰК» акционерлік қоғамы 9 145,9 мың тонна астық пен ұнды, соның ішінде 6 761,2 мың тонна астық пен 1 669,3 мың тонна ұнды экспорттады», - делінген Ауыл шаруашылығы министрлігінің хабарламасында.

Ведомствоның ақпаратына сәйкес, бидай мен ұнның басым бөлігі Орталық Азия елдеріне тиелген. Бұл жалпы экспорттың 52%-ға жуығын құрайды. Бұдан бөлек Ауғанстан, Иран, Әзірбайжан, Қытай, Ресей, Грузия елдеріне де жіберілді. Қазақстан Италия, Түркия, Ұлыбритания, Норвегия, Латвия, Ливан, Тунис, Швейцария, Моңғолия, Польша сияқты елдерге де бидай мен ұнды экспорттаған.

Сонымен қатар өткен маусымда отандық астықты өткізу нарықтары сол қалпында қалғаны да айтылады.