Полиция қызметкері қазақ күресінен әлем чемпионы болды

Полиция қызметкері қазақ күресінен әлем чемпионы болды
Сурет: ҚР ІІМ

Ол –  қазақ күресінен халықаралық дәрежедегі спорт шебері.

Қазақстанның және Азияның бірнеше дүркін чемпионы, Абай облысының полицейі Сафуан Мұратбеков әлем чемпионы атанды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Ішкі істер министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Әлем чемпионаты 13-20 қыркүйек аралығында Румынияның Констанца қаласында өтіп, оған 20 елдің спортшылары қатысты.

«Полиция лейтенанты Сафуан Мұратбеков Қазақстан құрамасы сапында 74 кг салмақ дәрежесінде өнер көрсетіп, финалдық белдесуде румыниялық спортшыдан басым түсті», – делінген хабарламада.