Қазақстан 2025 жылдан бастап жаңа телефон кодына көшеді

Қазақстан 2025 жылдан бастап жаңа телефон кодына көшеді
Сурет: Elorda.info

Еліміз +997 жаңа кодына 2025 жылдың қаңтарынан бастап ауысады.

Телекоммуникациялар комитетінің мәліметінше, Қазақстан жаңа кодты 2021 жылы резервке алып қойған. Халықаралық электр байланысы одағының ұсынымдарына сәйкес, қолданыстағы кодты жаңа +997 кодымен бірге екі жыл бойы қатар пайдалануға болады, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Elorda.info сайтына сілтеме жасап. 

2021 жылдың қыркүйегінде БҰҰ жанындағы Халықаралық электр байланыс одағы Қазақстанға жаңа +997 дэф кодын белгілеген еді.