Шри-Ланкада тәртіпсіздіктерге байланысты хабар тарату тоқтатылды

Шри-Ланкада тәртіпсіздіктерге байланысты хабар тарату тоқтатылды
Сурет: Rbc.ru

Ақпарат министрлігі бұл жағдайға әлі түсініктеме берген жоқ.

Шри-Ланканың ұлттық хабар таратушылары наразылық білдірушілер хабар тарату орталығына басып кіру әрекетінен кейін хабар таратуды тоқтатты, деп хабарлады Almaty-akshamy.kz Interfax.ru сілтеме жасап.

Эфирді сөндіруден бұрын телеарнада эфирінде елдің әнұраны шырқалды.

Шри-Ланканың Ақпарат министрлігі бұл жағдайға әлі түсініктеме берген жоқ, деп хабарлайды Bloomberg.

Сәрсенбі күні ертерек наразы топ Премьер-Министр Ранил Викрамасингхенің кеңсесіне басып кіріп, оның отставкаға кетуін талап етті. Жергілікті ақпарат құралдарының хабарлауынша, полиция көзден жас ағызатын газ қолданған.

Шри-Ланка Парламентінің спикері Махинда Абейвардена ел Президентінің өкілеттігін Премьер-Министрге уақытша берді, деп жазады The Times of India. Бұл шешім, Конституцияға сәйкес, Президент Готабая Раджапаксаның елден кетуіне байланысты қабылданды.

Парламент жаңа президент сайлауын 20 шілдеде өткізеді.

13 шілдеге қараған түні президент Раджапакса мен оның жұбайының Мальдивке аттанғаны туралы белгілі болды. Бұған дейін Президент отставкаға кететінін мәлімдеген. Ол кеткеннен кейін Үкімет бүкіл Шри-Ланкада төтенше жағдай енгізді, ал елдің астанасы Коломбо орналасқан Батыс провинциясында да коменданттық сағат енгізілді.