Елімізде адам саудасы тыйылмай тұр

Елімізде адам саудасы тыйылмай тұр

Төрт ай ішінде Қазақстанда адам саудасының 30-ға жуық фактісі тіркелді.


Бұл туралы Ішкі істер министрі Марат Ахметжанов адам саудасына қарсы іс-қимыл мәселелері жөніндегі құқықтық форумда айтты, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.


«Біріккен Ұлттар Ұйымының мәліметі бойынша, әлемдегі адам саудасының құрбандарының 70%-ы әйелдер мен жас қыздар. Ал әрбір үшіншісі - бала. Өкінішке қарай, бұл мәселе Қазақстанға да қатысты», деді Марат Ахметжанов.


Оның айтуынша, жыл сайын елде ұқсас сипаттағы 100-ден астам қылмыс тіркеледі.



«Бұрын мұндай қылмыстардың 300-ге жуығы тіркелген. Биыл төрт айда адам саудасының 30-ға жуық фактісі анықталды. Үш ұйымдасқан қылмыстық топ ұсталды. Жалпы, министрлікте ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасын қайта ұйымдастырудың арқасында бұл қылмыстардың анықталуы артып келеді», - деп толықтырды министр.


Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды
0
Ұнамайды
0
Күлкілі
0
Шектен шыққан
0
Соңғы жаңалықтар

20:13

19:43

19:13

18:42

18:15

17:40

17:16

17:14

17:02

16:51

16:28

16:25

16:00

15:46

15:35

15:34

14:52

14:49

14:36

14:31

14:06

13:40

12:55

12:48

12:37