Қазақстан 20 суқойма салмақ

Қазақстан 20 суқойма салмақ
Сурет: интернеттен

Бұл туралы Үкіметте өткен Су кеңесінің отырысында айтылды.

Ол үшін 2023-2025 жылдарға арналған кешенді жоспардың жобасы әзір, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz

Көрші елдерге тәуелді болмас үшін Қазақстанда 20 жаңа су қоймасы салынады.

Жиында су шаруашылығы инфрақұрылымын жаңғырту және су ресурстарын басқару жүйесін жетілдіру жайы талқыланды.

Құжатқа сәйкес, алдағы жылы 9 облыста көлемі 2,4 текше шақырым болатын 20 су қоймасының құрылысын бастау жоспарланып отыр.

Сондай-ақ қолданыстағы 15 су қоймасын күрделі жөндеу көзделген.

Кешенді жоспарды іске асыру су ресурстары мен суармалы жер көлемін ұлғайтып, 41 елдімекенді сумен қамтамасыз етуге мүмкіндік бермек.